«Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы Шымкентте «2000 мектеп» акциясын қолға алып, 4 жылдан бері жалғастырып келеді

Шымкентте «2000 мектеп» акциясы бастау алды. «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының мамандары «Жол-көлік  колледжі»  МКҚК-де болды. Жолшылар студенттермен кездесіп, жол құрылысы саласының артықшылықтары мен перспективаларын сипаттап, толғандырған сұрақтарына жауап берді.

Филиал мамандары студенттерге жолшылардың жұмыс спектріне қандай мәселелер кіретіндігін баяндады. Қандай заманауи технологиялар мен жабдықтар бар екендігін егжей-тегжей таныстырды. Қазақстанның автожол саласының жағайы туралы дәріс оқып, жол құрылысы саласының дамуы туралы айтып өтті.

— Жол саласына мамандар керек. Қазақстандағы ең көп сұранысқа ие бос жұмыс орны —  жол қызметкері. Жолшылардың жетіспеушілігін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Еңбекті дамыту орталығы» да растайды. Елмізде жол құрылысы саласына бөлінген мемлекеттік гранттардың біразы бос қалып жатады.  Сол себепті біз жастарды жолшы мамандығына қызықтырып, кәсіби бағдар беру үшін 4 жылдан бері «2000 мектеп» акциясын қолға алдық, — дейді «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы Сынақ зертханасының меңгерушісі Ермек Намазов.

Кездесу еркін форматта өтті. Студенттер жолшылардың жұмысына қызығушылық танытып, сұрақтарына тұщымды жауап алды.

Айта кетейік, Қазақстан — жол ұзындығы бойынша әлем елдерінің рейтингінде 32-орында. Бір өкініштісі — жол сапасы бойынша 93-орында тұр. Өйткені еліміздің жол құрылысы саласына 30 мың адам жетіспейді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.