ШЫМКЕНТТЕГІ ЖЕЛІЛЕР МЕН ҚУАТ КӨЗДЕРІНІҢ ТОЗУ ДЕҢГЕЙІН 15 ПАЙЫЗҒА АЗАЙТУ КЕРЕК

Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында «Елде электрмен жабдықтау желілерінің үштен екісі, жылу коммуникацияларының 57% — ы және су құбыры желілерінің жартысына жуығы тозғанын атап өтті. Тарифтерді күшпен ұстап тұрудың ақыры соның бәрін кезекпен өшіруге және түрлі апатты жағдайлар туындауына, нәтижесінде азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіреді.

Монополиялы нарықтарда «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатына көшу керек. Желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайту қажет. Тариф инфрақұрылымға салынған инвестициялардың орнына берілетін болады»,- деді.

Қазіргі таңда, Шымкент қаласы бойынша инженерлік желілердің тозуы орта есеппен 55% -ды құрайды, оның ішінде жылу энергиясын өндіру – 60%, жылумен жабдықтау қызметтері бойынша 41,7%, сумен жабдықтау бойынша 47%, су бұру бойынша 77%-ға жетіп отыр.

Коммуналдық салада жалақының төмен болуына байланысты білікті жұмысшылар, яғни, слесарлар, электромеханиктер, инженерлер және т.б. жұмыстан кетуде.

Мәселен, монополистердің деректері бойынша соңғы жылдары білікті кадрлардың айналымы: сумен жабдықтау саласында – 33%, жылумен жабдықтау саласында – 24%, газбен жабдықтау саласында – 20% құрайды.

2022 жылдың статистикалық деректері бойынша орташа жалақы 234 965 теңгені құрайды, ал газ бойынша тарифте 131 236 теңге, су бойынша 118 800 теңге және жылу бойынша орташа 110 000 теңге салынды, бұл орташа жалақыдан 2 есе төмен.

Қазіргі таңда, Шымкент қаласындағы коммуналдық тарифтердің деңгейі тұрақты деп айтсақ болады. Департаментпен тек газды тасымалдау қызметі реттелуде.

2018 жылдан бері атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тасымалдау тарифтері 9028 теңгеден 5173,85 теңгеге дейін төмендетілді.

Осының арқасында, соңғы тарифтер де төмендетілді. Мысалы 2018 жылы газдың бағасы 34,47 теңге болған, атқарылған жұмыстың арқасында, қазіргі таңда газдың бағасы 32,64 теңгеге дейін төмендетілді.

Ал жылуға келер болсақ, 2018 жылы жылудың бағасы 1 шаршы метрге 142,3 теңге болған, қазіргі таңда жылудың бағасы 119,65 теңгеге дейін төмендетілді.

Су мен кәріз жүйесінің бағасы 2018 жылы 1 текше метр үшін 137 теңге болса, қазіргі таңда 135,3 теңгеге дейін төмендеген.

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.