Қысқы жылу маусымында тұтынушыларға үздіксіз сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында жаз айларында дербес қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Сондықтан әр тұрғын үйдің ішкі жылу жүйесіне жылу жүйесіне сығымдау, жылу алмастырғышты тазалау және реттеу жұмыстарын жүргізілетін болады.
Қазір «Қуатжылуорталық-3» МКК қаламыздың 16 нысанында жалпы ұзындығы 8,76 км құрайтын ішкі орамдық жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстарын жүргізілуде.
Кесте бойынша жұмыстары толық аяқталған нысандар:
- Толстой көшесі «Эмир» дәмханасы дейін
- Толстой көшесі Сасбұқаев көшесіне дейінгі
- Нұрсат шағынауданы №38,39,74 а үйлері
- Нұрсат шағынауданы №12,75 үйлері
- Күншығыс шағынауданы 4-5 кезек
- Пазылбеков көшесі 4,5,6,7 ТК-26
- Тауке-хан №29,31, Қонаев көшесі №7
Жалпы:1927 метр
Жұмыстар жүріп жатқан нысандар:
- Асқаров ТК-3 Мангельдин көшесіне дейін -16,4% -орындалды
- ПНС-5тен Шаяхметов көшесі — 40% -орындалды
- ТК-16 Адырбеков -Алдияров к-сі ТК-19 дейін — 52% -орындалды
Жалпы: 1787м/560м
Дайындық жұмыстары жүріп жатқан нысандар:
- ТК-3 Асқаров көшесі ТК-23
- ТК-42 Байтұрсынов көшесі ТК-39 Ғ.Іляев
- Түркістан көшесі ТК-24 және ТК-26 аралығы
- ТК-60Б Гагарин көшесі
- ТК-26 және ТК-27 аралығы Республика даңғылы
- 18 шағынаудан Ерімбетов — Рысқұлов көшесі
Жалпы: 3508 метр
Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласында 2021 2022 жылғы жылу беру маусымында 56 өрт оқиғасы тіркеліпті. Бұл 2020-2021 ж.ж. маусымында олардың саны 61 болып еді. Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Мадияр Жақсыбаев өрттің шығуының негізгі себебі қондырғыларды орнату кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау екенін айтады. Сонымен қатар, электр жабдықтарын, пештер мен мұржаларды пайдалану кезінде, өрт қауіпсіздігін бұзу. Өрт оқиғалары негізінен жеке тұрғын үй секторында тіркелген.
Good day! Do you know if they make any plugins to protect
against hackers? I’m kinda paranoid about losing everything I’ve worked hard on. Any recommendations?