ШЫМКЕНТТЕ ҚАЙ ЖОЛДАРДА ЖЫЛУ ҚҰБЫРЛАРЫ ЖАҢАРТЫЛАДЫ?

1 .Гагарин көшесі мен Кремлевская көшесінің қиылысы жартылай жабық (“Жабық базар” маңы) _ (31-қыркүйекке дейін)_

2.Сапарбаев-Орынбаев көшелерінен бастап Маметов-Орынбаев көшелерінің киылысына дейін жартылай жабық (31-қыркүйекке дейін)
3.Ерімбетов көшесі мен Рысқұлов көшесінің қиылысынан бастап 18-ші мөлтек ауданында орналасқан аллеяға дейін жартылай жабық /31-қыркүйекке дейін/
4.Республика даңғылы — Аскарав көшесінің қиылысынан бастап Мангельдин көшесінен Асқаров көшесіне дейін жартылай жабық _/15-тамызға дейін/ _
5.Тәуке хан көшесі мен Байтұрсынов көшесінен бастап Байтұрсынов-Іляев көшелерінің қиылысы жартылай жабық /15-тамызға дейін/

Қуатжылуорталық-3” мекемесі тарапынан ағымдағы жөндеу кезінде толық жабылған көшелер жоқ. *
Жартылай жабық көшелердің шетінде жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, Шымкент қаласында жылу құбырлары қыркүйек айына дейін жаңартылатын болады.
жалпы қала аумағында орналасқан жылу жүйесінде 17 сорғы станциясы және 23 қазандық бар. Бүгінде соның жетеуі қысқы маусымға дайын. Қалған он сорғы станциясында дайындық жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Сонымен қатар, қаладағы тозған жылу құбырларын жаңартуға да үлкен мән беріліп отыр. Атап айтқанда, 2023 жылы 6 185 метр жылу құбырын ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланған.

Жоспар бойынша қайта құру биылғы жылдың қыркүйек айына дейін аяқталуы тиіс. Құбырдың жалпы ұзындығы 4 057 метрді құрайды және жоба құны 1 938 миллион теңге.

Шымкент қаласының жылу жүйелерін қысқы маусымға дайындау барысын пысықтау мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстармен қала әкімі Мұрат Әйтенов танысып шықты.
Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы барлық жұмыстарды кестеден кешікпей атқаруды тапсырды және сапа жағына жауапкершілікпен қарауды міндеттеді.

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.