ШЫМКЕНТТЕ 5G СТАНЦИЯЛАРЫ ОРНАТЫЛАТЫН КҮН ТАЯУ

Шымкент қаласында «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында шалғай орналасқан елді мекендерді сапалы интернетпен қамту жұмыстары қарқынды түрде жүзеге асып жатыр.

Мәселен, өткен жылдың өзінде мобильді операторлармен бірлесе қаладан шалғай орналасқан 14 елді мекенге антенна-мачталық құрылғы мен базалық станция орнатылған болатын.

Қойылған құрылғылар арқылы 71 мыңға жуық қала тұрғынына сапалы интернет желісі қолжетімді болды. Олар: Асар, Ақниет, Тұран, Азат, Ынтымақ-2, Игілік, Шапағат, Достық (Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы), Ақжар, Ақтас және Ақжайық шағынаудандары.

Ал, биыл мобильді операторларымен тізе қосып, интернет сапасы төмен 29 нүктеге базалық станция орнату көзделіп, қазір келісім жүргізіліп жатыр.

Қалалық цифрландыру басқармасының мәліметінше, жуырда шаһар орталығына 5G технологиясымен 10 базалық станция орнатылмақ. Қазіргі сәтте станция қойылатын нүктелер анықталып, құрылғылар орнатылуда.

Алдағы екі айда монтаж жұмысы аяқталып, жоғары жылдамдықтағы интернет іске қосылады.

«ANYQ.KZ»ақпарат.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.