ШЫМКЕНТТЕ 64 КӨШЕГЕ ОРТАША ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі жол сапасына айрықша назар аударып келеді.

Мемлекет басшысы Үкіметке, жергілікті әкімдерге республикалық және жергілікті жолдардың жағдайын жақсарту жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырған болатын. Шымкент аумағындағы жол инфрақұрылымын жақсартуда, жолдардың сапасын арттыру бағытында қабылданған 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары жоспары кезең-кезеңімен жүзеге асып келеді.

Қаламыз үшін ең маңызды мәселенің бірі —жол сапасы мен көшедегі көлік қозғалысын реттеу. Себебі, статистикаға сәйкес, қала автокөлік көбеюі жағынан елімізде көш бастап тұрған қалалардың бірі болып отыр. Осыған орай, соңғы жылдары мегаполисте жол құрылысы бұрын соңды болмаған қарқынмен дамуда.

Биыл қала аумағында 236,3 шақырымды құрайтын 297 магистралды және ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Оның 24 көшесі көлік ағыны жоғары әрі, қоғамдық көлік қатынайтын орталық магистрал көшелер. Бүгінде 64 көшеге орташа жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Қалған көшелерді асфальттеу жұмыстары өндірістік кестеге сай жалғасуда. Іс-шараға сәйкес магистралды көшелерге сонымен қатар, елді мекендердің ішкі орам көшелеріне басымдық берілуде.

Ал көлік инфрақұрылымы бойынша 2020 жылы Шымкент қаласының жолаушылар көлігін дамытудың кешенді схемасы бекітілген. Жүйеге сәкес, 78 бағытта қоғамдық көліктер жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетеді. Қалада 1000-ға жуық автобус, 10 автопарк бар. Қоғамдық көліктердің 90% пайызы жаңартылған.

Тілге тиек етейік, Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырым. Оның ішінде асфальтбетон жабынды – 2189,5 шақырымнан тұрады, қазіргі уақытта шағал тас – 935,6 шақырымды, топырақ жол 122,5 шақырымды құрайды. Бүгінде қаладағы асфальт жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 68,1% пайызға тең. Қаламызда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жыл сайын басымдылық берілуде. Мәселен, 2020 жылы жол құрылысы саласынада 225 нысан немесе 283,8 шақырым жол жөндеуден өтті. 2021 жылы 137 нысан немесе 189,7 шақырым жолға құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы автомобиль жолдары саласында 158 нысанда немесе 287,8 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тапсырылды. 2023 жылдың 6 айдың қорытындысымен 31,2 шақырым жол жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін жоспарға сәйкес 280 нысан немесе 304 шақырымға дейін жетеді.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.