ШЫМКЕНТ: БОЗАРЫҚ САЯЖАЙЫНДА ҮШ ШАҚЫРЫМ ЖОЛҒА АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

Қаратау ауданындағы Бозарық саяжайының бірқатар көшесіне асфальт төселуде. Қала әкімі М. Әйтенов Қалқаман, Мамыр, Құдірет көшелеріндегі асфальттеу жұмыстарын пысықтады. Асфальтбетон жабындысы төселетін жолдың ұзындығы 3 шақырымды құрайды.

Жыл соңына дейін жалпы ұзындығы 11,4 шақырымды құрайтын 17 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Асфальттеу жұмыстары Егемен Қазақстан, ПК Асар, Наркеткен, Саяжай, Алмасқылыш, Балқадиша, Айқаракөз, Өскен өнір, Ерлік тау, Көрімдік, Сұлутау, Буғынай. Шидерті, Арғанаты, Бурма көшелерінде атқарылады.

М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылысты өндірістік кестеге сай жүргізіп, сапасыз жұмысқа жол бермеудің алдын алу бойынша бірқатар тапсырма жүктеді. Көшелерді жол қозғалысына қолайлы етіп, қауіпсізді қамтамасыз етуді ескертті. Биыл жалпы қаладағы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында 243 нысан яғни, 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар, биыл қаладағы А-2 айналма жолының 2-ші және төртінші кезеңдері пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Бұл нысанның екінші кезеңі Ынтымақ шағын ауданынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты алып жатыр. Жалпы ұзындығы 2,48 шақырымды құрайды. Жолдың ені 80 метр. Екі бағыттағы 4 жолақты жолдың екі жағынанда су ағатын арық, жасыл аймақ, аяқ жол салып, жарық шамдар қою көзделген. Ал, төртінші кезең – Темірлан тас жолынан Бадам өзеніндегі көпірге дейін ұласады. Бұл учаскенің жалпы ұзындығы 1,86 шақырым құрайды. Ені 35,5 метрлі 6 жолақты жолдың екі жағынан да су ағатын арықтар, жасыл аймақ, аяқжол салу көзделген.

Ынтымақ шағынауданына баратын жол қиылысынан Темірлан тас жолына дейінгі аралықты құрайтын нысанның 2-ші кезеңінің құрылысы аяқталып, көлік қозғалысына жол ашылды.

Сонымен қатар, А-2 айналма жолында Алаш базары маңында жер асты жаяу жүргіншілер өткелінің құрылысы жүргізілуде. Нысанды пайдалануға беру 1 қыркүйекке жоспарланып отыр.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.