ШЫМКЕНТ: ҚОШҚАР АТА ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫ ЖАҢҒЫРТЫЛУДА

Шымкенттіктер үшін Қошқарата өзені таптырмас демалыс орны. Онда қаланың тұрғындары мен қонақтары таңның атысынан кештің батуына дейін ағылуда. Демалушылардың арасында еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін бар. Тіпті, өзге қалалар мен шетелден арнайы іздеп келетіндер де аз емес. Өйткені, Қошқар ата өзені суының емдік қасиеті мол.

Қазіргі таңда Қошқар ата өзенінің жағалауы абаттандырылуда. 1,8 шақырымды құрайтын нысан құрылысын «Стронг Сервис» ЖШС-і мекемесі жүргізуде. Жобаға сәйкес, абаттандыру аймағында қоршаулар озық үлгіде жаңаланып, күркелер мен әткеншектер және балалар ойын алаңшалары салынады. Осылайша демалушыларға заманауи талапқа сай қолайлы жағдайлар жасалады.

Құрылыс барысын зерделеп қайтқан қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы аумақтағы жарықтандыру жүйелерін демалушылар үшін ыңғайлы етіп, қоқыс жәшіктерін ұлғайту қажеттігін ескертті. Тұрғындарға қосымша бассейн орнату бойынша тапсырма берді. Абаттандыру жұмыстары өндірістік кестеге сай биыл қазан айында аяқталады.

Суының емдік қасиеті мол Қошқар ата өзеніне шомылып, жағалауында серуендейтін тұрғындар бүгінде аз емес. Қала әкімдігі тарапынан қолға алынып жатқан қазіргі өзгерістердің басты себебі – өзен аумағын халыққа барынша ыңғайлы демалыс орны ретінде дамыту.

Бұған дейінгі жоспар негізінде мұнда жұмыс екі кезеңге бөлінген. Оның біріншісі бұлақ басынан Ордабасы алаңына дейін 700 метр және алаңнан Ә.Жангелдин көшесіне дейінгі 1600 метрлік бөлігін қамтитын жұмыстар. Көркейту жұмыстары кестеге сәйкес абаттандырылып, халықтың сүйікті демалыс орнына айналды. Бұл аралықта өзен жағалауы 10 метрге дейін ашылып, бірқатар заңсыз нысандар бұзылған еді. Сонымен қатар, онда 4 мың шаршы метр жаяу жүргінші жолы төселіп, 4 өткел салынды.

Енді қала басшылығы өзен жағалауын абаттандыру барысына бірқатар өзгерістер енгізбек. Жаңа жоспар бойынша өзен жағалауы 30 метрге дейін ашылады. Одан да басқа өзгерістер болады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 669 Comments