Шымкентте 57 шағын аудан кәріз жүйесіне қосылмаған

«Жыл соңына дейін Мирас, Шапағат-2, Тассай, Тұран (ішкі жүйе), Қайтпас-2, 112 орам, Бозарық елді мекендеріндегі кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде 60 мыңға жуық адам орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады». Бұл туралы Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Арман Әбдіқалықов мәлімдеді

— Қазіргі таңда Шымкенттегі 81 шағын ауданның 24-і немесе 713,5 мың адам кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. Қалған 57 шағын аудан кәрізбен қамтылмаған. 2023 жылы 11 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджеттен 4,8 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде 2 магистральды кәріз коллекторының және 9 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Биыл жыл қорытындысымен 6 нысанның, атап айтқанда, Мирас, Шапағат-2, Тассай, Тұран (ішкі жүйе), Қайтпас-2, 112 орам, Бозарық секілді елді мекендердің құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде 60 мыңға жуық адам орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Бұл қамту көрсеткішін 60 пайыздан 75 пайызға дейін өсіруге мүмкіндік береді, – деді басқарма басшысының орынбасары.

Бүгінде 18 мыңға жуық халқы бар Нұртас шағын ауданын орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосу үшін жалпы ұзындығы 62,6 шақырым құбыр жүргізіліп жатыр. Мердігер компания «Тараз Строй – 2004» бүгінде жұмыстың 35 пайызын атқарып үлгеріпті. нысан құрылысының жұмысына 50 маман және 10 арнайы техника тартылған.

Тілге тиек етейік, 2022-2025 жылдары қаланың оңтүстік, солтүстік бөлігін кәріз жүйесімен қамту үшін дамыту жоспарына сәйкес, 2 дана кәріз – тазалау ғимаратының, магистралдық коллекторлардың және елді мекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. 2025 жылға 75% қамту көрсеткішіне қол жеткізу көзделуде.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.