Шымкент: Жолайрық құрылысы 55 пайызға біткен

Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында салынып жатқан жолайрық құрылысының бүгінде 55 пайызы атқарылды.

Жобаға сәйкес жолайрық үш деңгейлі. Төменгі деңгейде Арғынбеков көшесі, жоғарғы деңгейде Бәйдібек би даңғылы, ортаңғы деңгейде оң жақ бұрылыстар мен сақиналы жол орналасатын болады. Қазіргі таңда, негізгі көпір өткелдерінің темірбетонды конструкциясы 95 пайызға орындалды. Мамыр айының соңында Арғынбеков көшесін, шілде айында Бәйдібек би даңғылы және оң жақ өткелдерін көлік қоғалысын ашу жоспарлануда.

Айта кетейік, жобаның техникалық сипаттамасына сәйкес Бәйдібек би даңғылы бойынан 700 метр, Арғынбеков көшесі бойынан 921 метр жол аралығы құрылыс аумағына енгізілген. Жолайрық магистралының ені 80 метрден 4-6 жолақты құрайды.

Үш деңгейлі жолайрық 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Бұл аталған көшелерде көлік кептелісін болдырмауға зор септігін тигізеді дейді жауаптылар. Себебі, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесі қаланың оңтүстігі мен солтүстігін, батысы мен шығысын жалғастыратын негізгі магистралды күре жол болып саналады.

Жолайрық пайдалануға берген жағдайда Бәйдібек би даңғылы арқылы қозғалыс жиілігі 60 мың авто/тәулікке, Арғынбеков көшесі арқылы 55,6 мың авто/ тәулікке артады.

Құрылыс 2020-2022 жылдар аралығына жоспарланған. Жалпы құны –11,4 млрд теңге. 2021 жылға қаралғаны – 200 млн теңге.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.