Түркістан облысы: Сауран ауданында жол құрылысы жұмыстары қарқынды

Түркістан облысының Сауран ауданында автожолдарға ағымдағы және орташа жөндеу, бағдаршам және жол белгілерін орнату, веложолдар, аяқжолдар мен суағарлар салу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы биыл 36 шақырымды құрайтын автожолға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Негізінен аудан бойынша аудандық маңызы бар 119,3 шақырым автомобиль жолы бар. Оның 68 шақырымы жақсы және қанағаттанарлық жағдайда. Ал ауылішілік жолдардың жалпы ұзындығы 625 шақырымды құрайды. Оның ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдар — 403 шақырым.

Қазіргі таңда КХ-58 «КХ-84 Нұртас-Шорнақ-Бабайқорған» 27-31,2 км автомобиль жолын орташа жөндеу, жарықтандыру, аяқжол және суағар салу жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ аудан аумағында орналасқан мектептердің алдына жасанды жол кедергілері мен жол белгілері орнатылуда.

2022 жылға ауданда 36 шақырым құрайтын автожол жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 2 198,252 млн теңге бөлінді.

Мәлімет үшін айта өтейік.

  1. Шорнақ елді мекені Т.Сулейменов және Шаяхметова көшелерінің орташа жөндеу жұмыстары — 6 шқ;
  2. Оранғай елді мекеніндегі спорт мектебіне апаратын жолды орташа жөндеу ұзындығы — 0,75 шқ;
  3. Қосмезгіл елді мекеніндегі жаңа мектепке апарар жолды орташа жөндеу — 0,8 шқ;
  4. Ескі Иқан ауыл округіндегі Шарап ата көшесін орташа жөндеу — 1,0 шқ
  5. Майдантал елді мекенінен Егізқара ауылына апарар жолды ағымдағы жөндеу — 10 шқ;
  6. Серт елді мекеніндегі Рахимов көшесін орташа жөндеу ұзындығы — 1,3 шқ;
  7. Теке елді мекеніндегі Абай көшесін орташа жөндеу ұзындығы — 1,3 шқ;
  8. Жібек Жолы ауыл округіндегі Сауранбаев көшесін орташа жөндеу ұзындығы — 1,0 шқ;
  9. Шорнақ елді мекенінде Б.Майлин, М.Қорған, Досметов, С.Сариев көшелерін орташа жөндеу — 3,5 шқ;
  10. Құсшы ата елді мекенінен Әуежолға дейінгі жолды күрделі жөндеу жұмыстары — 7,5 шқ;

Сонымен қатар, 2023 жылы ауданға қарасты аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, сараптамалық қорытындысымен сметалық құжаттама әзірленуде.

  1. КХ-61 «Оранғай-Қосқорған» 12 шақырымдық автожолын күрделі жөндеу жұмыстары.
  2. «Бабайқорған-Абай» 9 шақырымдық автожолын орташа жөндеу жұмыстары.
  3. «Шорнақ-Жібек Жолы-Ескі Сауран қалашығы» 15 шақырымдық автожолын орташа жөндеу жұмыстары.
  4. «КХ-84 автомобиль жолынан Үсенов ауылына кіре беріс 4 шақырым автожолын орташа жөндеу жұмыстары.
  5. «Самара-Шымкент автомобиль жолынан Құмтүйін ауылына кіре беріс 3 шақырым автожолын орташа жөндеу жұмыстары.
  6. «Бабайқорған-Игілік» 9 шақырымдық автожолын орташа жөндеу жұмыстары.
  7. «Майдантал-Қаражон» 6,3 шақырымдық автожолын орташа жөндеу жұмыстары.

Айта кетейік, 2023 жылы ауданға қарасты аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жұмыстарына сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленіп, сараптамалық қорытындысымен сметалық құжаттама әзірленуде.

Түркістан өңіріндегі облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін биыл 92% -ға арттыру жоспарланған. Айта кетейік, 2018 жылы бұл көрсеткіш 72 %-ды құраған. Жалпы облыста сапалы жолдардың үлесін 2025 жылға дейін 99,5%-ға жеткізу жоспарлануда.

Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары қайта бекітіліп, жаңадан құрылған облыс орталығында көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды басымды бағыт — аса маңызды жолдарда болатынын ұдайы ескертіп отырады. Негізгі, ең қажетті деген автожолдардың тізімін дайындауды жүктеп, жауапты басшыларға нақты тапсырмалар берген.

— Автомобиль жолдарының құрылысы мен жөндеу жұмыстарында аса маңызды бағыттағы жолдардың құрылысына басымдық беріледі. Осы қағиданы ұстану керек. Республикалық, облыстық , аудандық және ауылішілік маңызы бар жолдар, яғни, барлық деңгейдегі маңызы бар, уақыт күттірмейтін автожолдардың тізімін дайындау қажет. Көптен жөндеу көрмеген күре жолдар да жоспардан тыс қалмауы тиіс. Жолдардың құрылыс сапасы – басты назарда. Жолды салу да, жөндеу де бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуі керек. Бұл талаптарды сақтамандарға шара көріледі, — дейді Түркістан облысының әкімі Д.Сатыбалды.

Түркістан облысында автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің ұзындығы 17 509,5 шақырымды құрайды. Биыл автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 53 млрд. теңге бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 767 нысан немесе 2 мың шақырымға жуық жолдар мен көшелерді қамту жоспарлануда. Жыл қорытындысымен 703 нысан немесе 1467,3 шақырым жол мен көше пайдалануға тапсырылады деп көзделген.

Құрылыс, жөндеу жұмыстарына Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен тұрақты түрде сапаны бақылау жұмыстары жүргізіліп келеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.