Шымкент: Тұран-2 шағынауданында жаңа 18 көп қабатты тұрғын үйдің аулалары абаттандырылып жатыр

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов бүгін Тұран-2 шағынаудандарындағы көпқабатты тұрғын үйлердің инженерлік-инфрақұрылым жұмыстарын тексерді.

Қазір Тұран-2 елдімекенінде 1 112 пәтерлі 18 көпқабатты тұрғын үй құрылысы жүргізілуде. Былтыр осы аумаққа жылу, су, кәріз және электр жүйесі тартылған болатын. Қазір мұнда ішкі орамды тегістеу, абаттандыру, аяқжол және асфальт төсеу жұмыстары қолға алынды.

Сонымен қатар шағын ауданның 25,26 орамдарына инженерлік инфрақұрылым желілері тартылуда. Нысандарды толық қолданысқа беру биыл екінші жартыжылдыққа жоспарланған.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов Тұран-2 шағын ауданындағы құрылыс нысандарын аралаған соң, Бозарық елдімекеніне бірқатар шолу жасады. Шағынауданда мемлекеттік бюджет есебінен 49 тұрғын үй бой көтерген. Алдағы уақытта аталған аумақта 9 инженерлік инфрақұрылым нысанының құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Мұрат Дүйсенбекұлы шағын ауданның даму жоспарына сәйкес атқарылған жұмыстарды қадағалап, мердігер мекемелердің жұмыс кестесін де назарға алды.
Айта кетейік, Шымкентте мемлекет бюджеті есебінен 67 көпқабатты тұрғын үй салынып, 17 үйдің абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Тұрғын үйлердің ирригациялық жүйелері тартылып, ішкі жолдары асфальттелген. Қазір аулада көгал төселуде, бригада ауланы абаттандыру жұмыстарын аяқтап жатыр. Мұрат Дүйсенбекұлы жауаптыларға қолданысқа дайын 432 пәтерді мемлекеттік бағдарлама арқылы баспана кезегіндегі тұрғындарға үлестіруді ұйымдастыруды тапсырды.
Шымкент қалалық құрылыс басқармасы ұсынған ақпараттарға сәйкес, 2022 жылы 173,3 мың шаршы метр құрайтын жалпы саны 2084 пәтердің құрылысы жүргізілді. Ал 2023 жылы құрылыс басқармасы тарапынан жалпы көлемі 254,2 мың шаршы метрді құрайтын 3342 пәтерлі 72 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Құрылыс салуға мемлекеттік бюджет есебінен жалпы 12,9 млрд. теңге қарастырылған. Оның ішінде:
— арендалық 29 үй (1364 пәтер) (Тұран ы/а-6 үй, Бозарық м/а-23 үй);
— кредиттік 43 үй (1978 пәтер) (Тұран ы/а-12 үй, Бозарық м/а-31 үй).
Сонымен қатар, жыл қорытындысымен салынатын 72 тұрғын үйден 3072 пәтерлі 67 тұрғын үйді (кредиттік-38, арендалық-29) пайдалануға беру жоспарланған.
Бұдан бөлек, жыл соңына дейін жұмыс жасайтын жастар үшін, нарықтан 900 пәтер сатып алу жоспарланған.

Ad Widget

Recommended For You