Шымкентте 2025 жылы кәріз тазарту орталығы салынады

Мегаполистегі халық санының өсуіне, тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар құрылысының артуына, қала тазалығын сақтауға байланысты қала әкімі М.Әйтенов тазалау қондырғысын салу жоспарымен танысты. Нақты айтсақ, кәріз суынан шыққан қалдықтарды қазіргі аумақтан орнын алыстатуға және залалсыздандыру тұздарын уақытылы, мөлшерге сай шашып тұруға тапсырма берді.

Қазір қала аумағында жағымсыз иістерді бейтараптандыруға арналған «Ылғалды барьер» қондырғылары қалыпты жұмыс істеп тұр.

Сондай-ақ, жағымсыз иісті болдырмау үшін шұңқырларды тұзбен толтыру жұмыстары үздіксіз жүргізіліп келеді. Бүгінге дейін кәріз суларын тазалау аумағын қоршай 2000 түптен аса көшет отырғызылып, тамшылатып суғару жүйесі құрылған. Аумақта жалпы ұзындығы 1100 метрді құрайтын қолданыстағы лай төсеніштерінің айналасына темірбетон қоршауын салу жұмыстары басталды. Жұмыс биылғы жылдың шілдесіне дейін аяқталатын болады.

«Қазіргі таңда тек осы қалдықтардың бетін тұзбен көмеміз. Тұздың иісті қабылдау, сіңіріп алу қабілеті бар. Одан кейін иіс шығаратын қалдықтар жиналатын жерлердің қоршау жұмыстарын бастаймыз. Шілде айының соңына дейін қоршауды бітіреміз», – деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов.

Жоспарға сәйкес, 2024-2025 жылдары тазарту қондырғысының бүкіл аумағында толығымен 10 000-нан аса көшет отырғызылады.

Алдағы уақытта жағымсыз иіс тұрғындарға келеңсіздік тудырмас үшін еуропалық стандарттағы жаңа технологиялық тазарту қондырғысы қолданылатын болады. Сонымен қатар, қондырғының қуаттылығын тәулігіне 200 мың текше метрге дейін арттыру, 50 мың текше метрге дейін тазарту үшін қосымша құрылыстар салу басты жоспарда.

Қала әкімінің орынбасарының айтуынша, 2025 жылы Түркістан облысы аумағынан жер алып, кәріз тазарту орталығының құрылысын бастамақ. Ал оның қашан аяқталары әлі белгісіз.

Осыған орай мамандар миллиондаған тұрғыны бар Берлин, Мәскеу, Ташкент секілді ірі қалалардың тазарту қондырғыларының жұмысымен тәжірибе алмасады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.