Шымкент: Тұран ауданының тұрғындары биыл жүз пайызға сапалы сумен қамтамасыз етіледі

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Тұран ауданының тұрғындарымен кездесті. Онда ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері және алдағы жоспардың орындалу барысы айтылды.

Қазір аудан аумағындағы 20 елдімекеннің тұрғындары тұрақты түрде сапалы ауыз су тұтынуда. Биыл Құрсай шағынауданын тіршілік нәрімен қамту жұмыстары аяқталады. Осыған дейін су жүйелерінің 92 %-ы, яғни 151 шақырымы тартылған. Жоспар бойынша ауданның ауызсумен қамту көрсеткіші жыл соңына дейін 100 пайызды қамтитын болады.

Ал, сапалы электр қуатымен елдімекендердің 99,5 пайызы қамтамасыз етілген. Бүгінде Құрсай шағынауданының жаңақұрылыс аумағын сапалы жарықпен қамту мақсатында жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс келесі жылға өтпелі.

Былтырғы жылы Ақтас, Ақтас-2 және Ақжар, Арғымақ елдімекендерін газдандыру құрылысы аяқталған. Қазіргі уақытта «ҚазТрансГаз» тарапынан құбырларға сынама жұмыстары жүргізілуде. Табиғи газ аталған шағынаудандарға жылу маусымына дейін берілетін болады. Ал, Айкөл, Құрсай, Жаңаталап шағынаудандарының жаңақұрылыс аумағын газдандыру үшін бүгінде жобалау сметалық құжаттамасы әзірленуде. Аудан 2025 жылы көгілдір газбен толық қамтылатын болады.

Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы халық үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.  Әлеуметтік саланы дамыту үшін қазіргі уақытта Құрсай елді мекенінде 450 орындық емхананың құрылысы басталғанын да тілге тиек етті.

— Нормативке сәйкес, емханалардың орташа жүктемесі 30 мың тұрғыннан аспауы тиіс. 2019 жылмен салыстырғанда қаладағы емханалардың орташа жүктемесі 34 мыңнан 23 мыңға дейін төмендеді өткен жылы Шымкентте 12 емхана ашылды. Қазіргі уақытта 51 емхана жұмыс істейді. 2025 жылға дейін алты емхана салынып, әрбір медициналық мекемеге жалпы орташа жүктемені 21 мың тұрғынға жеткізу керек, – деді қала әкімі.

Аудан әкімі Тұран Боранбай Булатбеков жиналғандарды инфрақұрылымды дамыту, абаттандыру, көшелерді жарықтандыру, халықты жұмыспен қамту бойынша жұмыстар туралы хабардар етті. Оның айтуынша, 2023 жылы ауданда 85 көше (41,3 км), 39 көше (32,3 км) асфальтталады. 22 көше жарықтандырылады және 29 көшеде суару жүйелері жүргізіледі. 13 ойын алаңы, 10 спорт алаңы пайдалануға беріледі.

Шымкент қаласының әкімі  халық тарапынан түскен барлық сұрақтарға жауап беріп, жаңа ауданның инфрақұрылымын жақсарту бағытындағы жоспарларды түсіндірді. Сондай-ақ аудан әкіміне басқарма басшыларымен тығыз жұмыс жүргізіп, азаматтардың талап-тілектеріне қатысты шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.