Шымкентте қаланың экологиялық ахуалын жақсартатын бірқатар жоба қолға алынды. Негізгі бағыт көгалдандыру болады. Бұған қоса 8 негізгі саябақ пен 39 гүлзарды қайта құру қолға алынып, Қошқар ата өзенінің бойынша абаттандыру басталады.
Шымкент қаласында тұрғындарға табиғи әрі, жайлы ортаны қалыптастыру мақсантын Шымсити қалашығы жаңа саябақпен толығады екен. Осы ретте қала әкімі Мұрат Әйтенов «Шымкент Сити» шағынауданында болып, құрылысы қарқынды жүріп жатқан саябақ жұмыстарын аралап көрді. Қазір стратегиясы да бар. – Президенттің тапсырмасына орай Шымкенттің жасыл белдеуін дамыту іс-шараларының жоспары бекітілді. Осыған орай қаладағы ағаштарды электронды түрде санау жүйесін енгізу басталып, 2025 жылға дейін жасыл белдеу көлемін 21 544 гектарға жеткізуді көздеп отырмыз. Жалпы саны 6,5 миллион ағаш пен бұта егіледі,- делінген басқарма хабарламасында. Арнайы электронды бағдарлама қаладағы барлық ағаш пен бұтаны қамтып, олардың санын ғана емес, жасын, түрі мен қазіргі қалпын да есепке алады. Осылайша алда атқарылар жұмыс ауқымды. Бес миллион талдың барлығын тек қала бюджеті арқылы егу салмақ болары сөзсіз. Мәселе тек қаржыда емес, тиісті сала жұмысшылары да қалада көп емес. Осы орайда жауапты мамандар жанашыр қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге үміт артып отыр. Егер кемінде 250 мың тұрғын көктемде және күзде екі ағаштан отырғызса, соның өзі туған қаласына деген үлкен көмек саябақтың құрылыс жұмыстары 20%-ға дейін жүргізілген. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жалпы жаңа қалашықтың аумағы 20,4 гектар жерді алып жатыр. Бүгінде шағын ауданды инфрақұрылыммен қамту жұмыстары толық жүргізілуде. Саябақ құрылысына келсек, нысанда көгалдандыру алаңы 164 000 шаршы метрді құрайды. Мұнда 53 балалар ойын алаңшасы, 19 спорттық алаң орналасатын болады. Сондай-ақ, 2,8 шақырымдық веложол, жасанды көл салынып, 5 мыңнан аса ағаш көшеті, 7 мыңнан аса гүл, 6 мың бұта егу жоспарланған. Қала келбеті тағы бір саябақпен арта түседі, әрі қаланы жасыл желекке бөлеу арқылы шаһар тынысы ашылады. Шымкент қаласының қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы ұсынған дерекке сүйенсек, мегаполисті көгалдандырудың өзіндік болары анық.