ШЫМКЕНТ: «ТАШКЕНТ – АЛМАТЫ» МАГИСТРАЛЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ 65 ПАЙЫЗҒА ДАЙЫН

Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан үлкен жол құрылыстарының бірі «Ташкент – Алматы» бағытындағы магистралды А-2 автомобиль жолы. Қаланы айналып өтетін А-2 магистралы қазір қайта жаңартылуда.

Осыған орай, қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс басына барып, атқарылып жатқан жұмыстарды бақылады. Аталған жолдың құрылысы 31 шақырымнан тұратын 8 кезең бойынша жүргізілуде.

Нысанның 8-ші кезеңі Бәйдібек би даңғылынан «Шымсити» шағы ауданына дейінгі аралықты қамтиды. Бекітілген жоспарға сәйкес, жалпы ұзындығы 1,8 шақырым автомобиль жолының ені 40 метр, 6 жолақты. Құрылыс нысанында бригадалар қазір инженерлік желілердің орнын ауыстыру, жол негіздерін салу, суағар құбырларын тарту және асфальт жабындысын салу сатысында қызу жұмыс жүргізіп жатыр.

Мұрат Дүйсенбекұлы мұндағы жол құрылыс жұмыстарының бүгінде 65 пайызға орындалғанын ескере келе, әрі қарай да істі соңына дейін сапалы орындауды тапсырды. Сондай-ақ, жол құрылысы барысында заңсыздықтарға бой алдырмауды, қажетті жер аумағы мемлекет қарамағына қайтарылуын міндеттеді. А-2 магистралы пайдалануға берілсе, қаланың экономикалық, әлеуметтік даму көрсеткішіне оң әсерін тигізбек.

Тілге тиек етейік, Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырым. Оның ішінде асфальтбетон жабынды – 2189,5 шақырымнан тұрады, қазіргі уақытта шағал тас – 935,6 шақырымды, топырақ жол 122,5 шақырымды құрайды. Бүгінде қаладағы асфальт жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 68,1% пайызға тең. Қаламызда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жыл сайын басымдылық берілуде. Мәселен, 2020 жылы жол құрылысы саласынада 225 нысан немесе 283,8 шақырым жол жөндеуден өтті. 2021 жылы 137 нысан немесе 189,7 шақырым жолға құрылыс жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы автомобиль жолдары саласында 158 нысанда немесе 287,8 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тапсырылды. 2023 жылдың 6 айдың қорытындысымен 31,2 шақырым жол жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін жоспарға сәйкес 280 нысан немесе 304 шақырымға дейін жетеді.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.