ШЫМКЕНТ: ТҰРАНДАҒЫ КӨШЕЛЕРГЕ ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕЛУДЕ

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтың тұрғындарымен кездесуі барысында жиі көтерілетін маңызды мәселенің бірі — жолдарды жөндеу, асфальттау және шағал тас төсеу.

Осы орайда, тұрғындардың көтерген мәселесі дер кезінде қолға алынып, Тұран шағынауданында 50 000 м3 шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 35 000 м3 шағалтас төсеу толық орындалса, 15 000 м3 шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілуде.

Шағынауданда 40-тан астам көше орналасқан. Оның 20-дан астам көшесі асфальтталса, 10-ға жуық көшесіне шағал тас төсеу жоспарлануда.

Жалпы аудан аумағында ағымдағы жылы 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылмақ.

Аталған жұмыстар «Бозарық» саяжайында 7 көшеге, Шапағат шағынауданында Бике қоңыр, Желдіқара, Мирас көшелері, Тассай тұрғын алабында Көкбөрі, Шолпан, Көкпекті, Көкпар, Кеңтарал (жалғасы), Еділ қаған, Мөде қаған және атауы жоқ 7 көшеге, Тұран шағынауданындағы №26 көшеге, Ойқараған, Шырайлы, Нарсай, Найзакескен, Дәуір және атауы жоқ 11 көшеге жүргізілетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылы Шымкентте жол саласында 190 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстарын жүргізілді. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлімдеген болатын. Басқарманың мәліметінше, жол-көлік инфрақұрылымын дамыту мақсатында 2021-2025 жылдарға жоспар бекітілген. Соған сәйкес атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 2021 жылдың соңында шаһарда жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 63,6 пайызға жеткен. Ал, 2022 жылы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 2 нысан жолайрықтың құрылысы жүргізіліп, біреуі толығымен аяқталды. Оған қоса Ақжайық, Тассай, Азат, Нұртас шағын аудандарында жалпы 17 көше күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар, орташа жөндеу жұмыстары бүгінгі таңда 303 көшеде жүргізілген. Шағын аудандар мен тұрғын алаптарда жалпы ұзындығы 122,7 шақырым көшеге шағал тас төседі. Осы жұмыстардың нәтижесінде Шымкенттегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі биыл 67,4 пайызға жетіп отыр. Айта кетейік, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығымен» Шымкент қаласының әкімдігі жолдың сапасын арттыру мақсатында арнайы келісімшарт жасаған. Соған сәйкес, Шымкентте жыл басынан бері 197 нысанға жол сапасын тексеру бойынша сараптама жасалыпты.

Ad Widget

Recommended For You