Шымкент қаласынан Каирге тікелей әуе рейсі ашылады

Биылғы 29 мамырдан бастап қазақстандық «SCAT» әуекомпаниясы Шымкент – Каир бағыты бойынша Египетке жаңа бағыт ашады.

Рейстер аптасына 2 рет (дүйсенбі және сәрсенбі күндері) «Boeing 737-800» және «Boeing MAX 8» типті әуекемелерінде орындалады. Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Бүгінде Шымкент қаласының әуежайынан әуе қатынастары 7 ішкі (аптасына 256 рейс) және 10 халықаралық (аптасына 48 рейс) бағыт бойынша жүзеге асырылады.

Ішкі бағыттар: Астана, Алматы, Ақтау, Атырау, Көкшетау, Жезқазған, Петропавл.

Халықаралық бағыттар: Стамбул, Мәскеу, Анталья, Дубай, Доха, Жидда, Шарм-эль-Шейх, Пхукет, Медина, Фукуок.

Жаңа бағыттардың ашылуы Шымкент тұрғындарына әлемнің әр түкпіріне саяхаттау мүмкіндігін кеңейтіп, мегаполистің халықаралық көлік торабындағы маңыздылығын арттыруда.

 «ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin