
1750-ге жуық жаңа жол белгісі орнатылды
Түркістан қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізіліп келеді. Бұл шаралар көлік қозғалысын тиімді реттеуге, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жыл басынан бері қала аумағында 1748 жол белгісі орнатылып, жаңартылды. Оның ішінде 310 белгі білім беру ұйымдарының маңына қойылған. Сонымен қатар 400 шақырым жол таңбалары өңделіп, 200 жаяу жүргінші жолағы қайта сызылып, көріну деңгейі күшейтілді.
Мектептер мен халық көп шоғырланатын аймақтарда көлік жылдамдығын төмендету мақсатында жалпы ұзындығы 306 метрді қамтитын 35 орынға жасанды жол кедергілері орнатылды.
Қаладағы бағдаршамдар саны қазіргі таңда 93 дана. Жыл ішінде 7 жерде бағдаршам нысандары жаңартылды. Бұдан бөлек, тағы 5 аймақта жаңа бағдаршам орнату жоспарда бар.
Қала әкімдігінің бастамасымен қоғамдық қауіпсіздікті арттыру бағытында бейнебақылау жүйесін жаңғырту жұмыстары да жүргізілуде. 2025 жылы жалпы 410 бейнебақылау камерасына қызмет көрсетіліп, оның ішінде 200 камера жаңғыртылды, ал қосымша 210 жаңа бейнебақылау камерасы орнатылуда. 2026 жылға жоспарланған жұмыстар бойынша қалада 275 жаңа бейнебақылау камерасы орнатылатын болады.
Жол қауіпсіздігі және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Түркістан қаласы әкімдігі жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, белгіленген жылдамдықты асырмауға және жаяу жүргіншілерге басымдық беруге шақырады.
Биыл 138,5 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді
Түркістан қаласы аумағында ұзындығы 845 шақырымды құрайтын 875 көше бар. Қала аумағында 2025 жылға жоспарланған жол жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жол сапасын арттыру және тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында 2025 жылы қосымша 138,5 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу көзделген. Бұл жұмыстар толық орындалған жағдайда, қаладағы жақсы жағдайдағы жолдардың үлесі 66,7 пайызға дейін жетеді.
Қазіргі таңда Бейімбет Майлин көшесін реконструкциялау жұмыстары жалғасуда. Жалпы ұзындығы 1,98 шақырымды құрайтын көше бойында құрылыс жұмыстары бірнеше кезеңмен атқарылмақ. Бүгінгі күнге дейін 850 метр жол негізі әзірленіп, 700 метр аумақта ескі асфальт жабындысы фрезерленді. Қазіргі уақытта 800 метр бөлікте жаңа асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде. Жобаны келесі жылы толық аяқтау жоспарланған.
Түркістан қаласы әкімдігі жол жөндеу жұмыстарының сапасына тұрақты бақылау жүргізіп, жобалардың уақытылы әрі белгіленген талаптарға сай жүзеге асырылуын қатаң бақылауда ұстап отыр.
Жалпы, өңір бойынша алсақ, 2025 жылы автомобиль жолдары саласын дамытуға бюджеттен 51,7 миллиард теңге (республикалық бюджеттен – 10,4 миллиард теңге; облыстық бюджеттен – 28,6 миллиард теңге; «Ауыл – Ел бесігі» – 10,6 миллиард теңге, субвенция – 6,1 миллиард теңге) бөлініп, құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 288 нысан немесе 1245,1 шақырым жолдар мен көшелер қамтылды. Жыл қорытындысына сәйкес, 201 нысан немесе 827,4 шақырым пайдалануға беріледі деп көзделіп отыр.
Облыстық маңызы бар жолдарға 20,1 миллиард теңге (республикалық бюджеттен — 9,3 миллиард теңге, облыстық бюджеттен – 10,8 миллиард теңге) бөлініп, 24 нысан немесе 219,3 шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмыстарымен (жыл қорытындысына сәйкес, 17 нысан немесе 105,6 шақырым жол, 7 көпір, 1жарықтандыру пайдалануға беріледі) қамтылды.
Аудандық маңызы бар жолдарға 3,6 миллиард теңге (облыстық бюджеттен — 3,6 миллиард теңге) бөлініп, 24 нысан немесе 130,7 шақырым жол құрылыс, күрделі және орташа жөндеу жұмыстарымен (13нысан немесе 53,7 шақырым жол пайдалануға беріледі) қамтылды;
Елді мекен көшелеріне 240 нысан немесе 885,6 шақырым көшелерді жөндеуге 28,0 миллиард теңге (республикалық бюджеттен – 1,1 миллиард теңге; облыстық бюджеттен – 10,2 миллиард теңге; «Ауыл – Ел бесігі» – 10,6 миллиард теңге; субвенция – 6,1 миллиард теңге) бөлінді. Оның ішінде облыстық бюджеттен және аудан бюджеті есебінен 21,0 миллиард теңгеге 131 жоба немесе 561,8 шақырым жөндеу жұмыстарымен қамтылуда (жыл қорытындысына сәйкес, 119 нысан немесе 509,0 шақырым пайдалануға беріледі). Субвенция есебінен 109 жоба немесе 323,8 шақырым көшелер қамтылды. Жыл қорытындысына сәйкес, 83 нысан немесе 283,1 шақырым жол пайдалануға беріледі.
2025 жылы жалпы пайдаланымдағы облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесін 93,7%-дан 95%-ға, ал, елді мекен көшелерін 74%-дан 78%-ға жеткізу жоспарланған. Түркістан облысы бойынша автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 17 692 шақырым құрайды. Республикалық маңызы бар жолдар – 678 шақырым (жақсы жағдайда 95%); облыстық маңызы бар жолдар – 3983 шақырым (жақсы жадайда 93,7%); аудандық маңызы бар жолдар – 1 726 шақырым (жақсы жағдада 93,7%); елді мекен көшелері – 11 305 шақырым (жақсы жағдайда 74%).
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
